Денсаулық

Шетелден келсеңіз, тексеріліңіз!

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тұрғындарға коронавирустық инфекциялары бар науқастар анықталған Қытай Халық Республикасына және басқа да елдерге бармауға кеңес береді.

Қауіпті елдердің тізімі күн сайын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми интернет ресурстарында жаңартылып отырады. Бүгінгі күні Ақтөбе халықаралық әуежайында және теміржол вокзалында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді. Мәртөк ауданының «Жайсаң» және Қарғалы ауданының «Әлімбет» шекара маңындағы автомобиль өткізу пункттерінде уақытша санитарлық-карантиндік пункттер ұйымдастырылды.                                                                                                                                                          Бұған дейін облыста 16084 адамның қызуы тексерілді. Қызуы жоғары және өзін-өзі нашар сезінген адамдар анықталған жоқ.                                                                                                                                                                               Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті коронавирустық инфекция бойынша науқастар тіркелген елдерден келген туристер мен спортшыларды ЖРВИ клиникалық симптомдарының жоқтығына қарамастан тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемеге хабарласуларын сұрайды.

 

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button